«Сіздің ата – ана ретінде тәрбиелеу стиліңіз: қабылдамайтын, мақұлдамайтын, араласпайтын немесе эмоциялық тәрбиелеуші» тест-сауалнамасы.

«Сіздің ата – ана ретінде тәрбиелеу стиліңіз: қабылдамайтын, мақұлдамайтын, араласпайтын немесе эмоциялық тәрбиелеуші» тест-сауалнамасы.

Сізге ұсынылатын тест сауалнама «Баланың эмоциялық зияты. Ата-аналарға арналған тәжірибелік нұсқаулық» кітабынан алынды. Кітаптың авторы психолог Джон Готтманның пікірінше, жақсы ата-ана болу үшін өз-өзін талдаудан бастау керек. Сіз қандай тәрбиелеу стилін ұстанатыңызды түсінуге көмектесетін тесттен өтіңіз. Тесттің соңында төрт тәрбиелеу стилінің сипаттамасы келтіріледі және осы стильдердің зерттеуге қатысқан балаларға қандай әсер еткені түсіндіріледі.

Дж. Готтман пікіріншебала тәрбиесіндегі ең тиімді стиль эмоциялық тәрбиелеуші болып табылады: «Барлық ата-аналар өз балаларын жақсы көреді, бірақ, өкінішке орай, бәрі бірдей эмоциялық тәрбиелеумен айналыспайды. Оның қажеттілігін түсіну олардың сүйіспеншілігінен немесе баламен қарым-қатынаста жылы және жағымды көзқарасты қолдану шешімінен автоматты түрде туындамайды. Эмоциялық тәрбие өнерге көбірек ұқсайды, ол сананы, тыңдау қабілетін және мәселелерді шешуге бағытталған мінезқұлықты  яғни мен және менің әріптестерім сау, жақсы жұмыс істейтін отбасыларды бақылау арқылы анықтаған жүріс-тұрысты талап етеді. 

Біз бұл отбасыларды эмоциялық зиялы отбасылар деп атаймыз. Менің ойымша, барлық дерлік аналар немесе әкелер эмоциялық тәрбиелеуші бола алады, бірақ олардың көбісі белгілі бір кедергілерден өтуге мәжбүр болады. Олар өсіп-өнген үйлерде болған эмоцияларға деген үйреншікті көзқарас сол кедергілердің бірі болуы мүмкінӨз балаларын тыңдауға мүмкіндік беретін дағдылардың болмауы да кедергі келтіруі мүмкін. Бұл қиындықтар балаларға қалауынша мықты ана мен әке, тірек болуды болдырмауы мүмкін…» 

Нұсқаулық. 

Бұл тестте сізге сіз және сіздің балаларыңыз бастан кешетін қайғы, қорқыныш және ашу сияқты жағымсыз эмоциялар туралы сұрақтарға жауап беру керек. Сіздің пікіріңізге анағұрлым нақты сәйкес келетін жауапты белгілеңіз. Барлық сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз (Д = Дұрыс, Қ = Қате). 

1.Шын мәнінде, балалардың уайымдауы үшін себептер
2.Менің ойымша, егер ашу-ыза бақылауда болса, онда оны сезіну қалыпты жағдай
3.Өздерінің ашуын көрсететін балалар жай ғана ересектердің оларды аяғанын қалайды
4.Бала ашуланған кезде, қысқа үзіліс жасау керек
5.Менің балам қайғылы болған кезде, ол өзін нашар ұстай бастайды
6.Менің балам қайғылы кезде, ол мені әлемді түзетіп, оны керемет етеді деп күтеді
7.Менің тіршілік қарқыныммен менің қайғыға уақытым жоқ
8.Ашу – қауіпті жағдай
9.Егер сіз баланың қайғысын елемесеңіз, онда ол өздігінен өтеді
10.Ашулану әдетте агрессияны білдіреді
11.Балалар өз мақсаттарына жету үшін жиі қайғырып отырғанын көрсетеді
12.Менің ойымша, қайғы бақылауда болса, бәрі жақсы болады
13.Қайғы-мұңды көп ойлай бермей, оны жеңу керек, оған төтеп беру керек
14.Егер ол ұзаққа созылмаса, мен баламен қайғы туралы сөйлесуге қарсы емеспін
15.Маған үнемі абыржыған балалардан гөрі көңілді балалар ұнайды
16.Менің балам ренжулі кезі – мәселелерді шешуге кірісу үшін жақсы уақыт
17.Балаларымның анағұрлым жағымды нәрселермен айналыса бастауы үшін мен оларға қайғы-қасіретті тез жеңуге көмектесемін
18.Менің ойымша, егер менің балам қайғылы болса, онда оған бір нәрсе үйретуге болады
19.Менің ойымша, балалар өмірдің жағымсыз жақтарына тым көп мән бергендіктен қайғылы болады
20.Менің балам ашуланған кезде, ол нағыз қаскүнемге айналады
21.Бала ашуланған кезде мен шектеулер қоямын
22.Менің балам қайғырған кезде, бұл ол өз-өзіне назар аударғысы келетінін білдіреді
23.Ашулану – бұл оны зерттеуге тұрарлық эмоция
24.Көбінесе балалар жетілмегендіктен және түсіністіктің болмауынан ашуланады
25.Мен баламның ашуын жайнақылыққа өзгертуге тырысамын
26.Сіз сезінетін ашуды білдіруіңіз керек
27.Менің балам ренжіген кезде, бұл онымен жақындасу үшін жақсы мүмкіндік болып табылады
28.Шын мәнінде, балалардың ашулануына ешқандай себеп жоқ
29.Менің балам қайғырған кезде, мен оған ол не себеппен ренжігенін түсінуге көмектесуге тырысамын
30.Менің балам қайғырған кезде мен оны түсінетінімді көрсетемін
31.Мен баламның қайғы сезінгенін қалаймын
32.Неліктен бала қайғырып отырғанын анықтау маңызды
33.Балалық шақ – бұл бақытқа толы уақыт, сондықтан бала қайғырмауы немесе ашуланбауы керек
34.Менің балам қайғылы болған кезде біз отырып, қайғы туралы сөйлесеміз
35.Балам қайғылы болған кезде мен оған себебін анықтауға көмектесуге тырысамын
36.Менің балам ашуланған кезде, бұл онымен жақындасу үшін жақсы мүмкіндік болып табылады
37.Менің балам ашуланған кезде, мен онымен бірге осы сезімді сезінуге тырысамын
38.Мен баламның ашуланғанын қалаймын
39.Менің ойымша, балаларлың кейде ашуланғаны жақсы
40.Баланың неліктен ашуланғанын түсіну маңызды болып табылады
41.Қызым қайғылы болған кезде мен оған сенің жаман мінезің болады деп ескертемін
42.Менің балам қайғылы болған кезде, ол пессимист болады деп алаңдаймы
43.Мен балама қайғы туралы ерекше нәрсе айтуға тырыспаймын
44.Қайғы туралы айтуға болатын жалғыз нәрсе: оны білдіру – қалыпты жағдай
45.Қайғыдан құтылу үшін бірдеңе жасауға болатынына сенімді емеспін
46.Ренжіген бала үшін, жұбатудан басқа, ештеңе жасау мүмкін емес
47.Менің балам қайғылы болған кезде, мен оны ештеңеге қарамастан жақсы көретінімді түсіндіруге тырысамын
48.Менің балам қайғылы болған кезде, ол менен не күтетінін түсінбеймін
49.Шын мәнінде, мен балама ашуланшақтық туралы ерекше нәрсе айтуға тырыспаймын
50.Ашулану туралы айтуға болатын жалғыз нәрсе: оны білдіру – қалыпты жағдай
51.Балам ашуланған кезде мен оның көңіл-күйіне түсіністікпен қарауға тырысамын
52.Менің балам ашуланған кезде, мен оны ештеңеге қарамастан жақсы көретінімді түсіндіруге тырысамын
53.Менің балам ашуланған кезде, ол менен не күтетінін түсінбеймін
54.Менің баламның мінезі жаман және бұл мені алаңдатады
55.Менің ойымша, бала өзінің ашуын көрсетпеуі керек
56.Ашуланған адамдар өз-өздерін басқара алмайды
57.Балалар ашуын долылық түрінде білдіреді
58.Балалар өз жолымен жүру мүмкіндігіне ие болу үшін ашуланады
59.Менің балам ашуланған кезде, ол бәрін бұзуға бейім болады, бұл мені алаңдатады
60.Егер сіз балаларға ашулануға мүмкіндік берсеңіз, онда олар әрқашан қалағандарынша әрекет ете алады деп ойлайтын болады
61.Ашуланған балалар ешкімді құрметтемейді
62.Балалар ашуланған кезде олар күлкілі болып көрінеді
63.Әдетте ашулану дұрыс қорытынды жасауға кедергі келтіреді, мен кейін өкінетін нәрселерді жасаймын
64.Егер менің балам ашуланса, онда мәселені шешудің уақыты келді
65.Менің балам ашуланған кезде, менің ойымша, оған қол жұмсайтын уақыт келді
66.Менің балам ашуланған кезде, менің міндетім – оны дереу тоқтату
67.Мен баланың ашуына көп мән бермеймін
68.Менің балам ашуланған кезде, мен оны тым маңызды деп қабылдамаймын
69.Мен ашуланған кезде, мен өз-өзімді қазір жарылып кететіндей сезінемін
70.Ашумен ештеңеге қол жеткізе алмайсын
71.Ашуды білдіру баланың қатты толқуын туындатады
72.Баланың ашуы өте маңызды
73.Балалардың ашулануға құқығы бар
74.Менің балам есінен танған кезде, мен оның себебін анықтаймын
75.Баланың ашуын не туғызғанын түсінуге көмектескен маңызды
76.Менің балам маған ашуланған кезде: «Мен бұны естігім келмейді» деп ойлаймын
77.Менің балам ашуланған кезде, менің ойымша: «Ол жай ғана икемді болуды үйренсе екен ғой» деп ойлаймын
78.Менің қызым ашуланған кезде: «Неліктен ол заттарды нақ болғандай қабылдай алмайды?» деп ойлаймын. П Н
79.Мен баламның өз-өзін қорғай алуы үшін ашуланғанын қалаймын
80.Мен баламның ашуына көп мән бермеймін
81.Менің балам ашуланған кезде, мен оның не ойлайтынын білгім келеді