БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
21 маусымда әлемнің көп елдері Әке күнін атап өтеді. Өткен ғасырдың басында АҚШ-та Сонора Смарт есімді қарапайым келіншек әйелінен ерте айырылып, алты баласын өзі өсіріп, тәрбиелеп шыққан әкесі Уильям Смартқа құрметін білдіру үшін кішігірім мереке ұйымдастырды. Кейін оның бұл ойы ұлттық мерекеге ұласты, әдемі дәстүр басқа мемлекеттерге де тарады. Бұл күннің Қазақстанда да аталып өтілуіне әкелік институтты дамытуды жөн көретін қоғам белсенділері құптап, бастама көтерді. Олардың ішінде «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қоры бар.
Әлем елдерінде, оның ішінде Қазақстандағы әкелік институты дамуының төмендеп бара жатқанын UNICEF KZ ұйымының зерттеуі көрсетіп тұр. Олардың мәліметінше, еліміздегі әкелердің балаларының өміріне, тәрбиесіне араласуы көрсеткіші 6,6% -дан аспайды.
Жалпы әкелер аналарға қарағанда балаларымен өте аз уақыт өткізетіні
белгілі. Дегенмен қазіргі буынның ата-бабаларымызбен салыстырғанда
бұрын тек әйелдердің шаруасы болып есептелген тұрмыстық және
педагогикалық міндеттердің кейбірін мойындарына жүктегендерін айтып өту
керек. Сөйте тұра ажырасулардың көбеюінің салдарынан әкелік қамқорлық
азайып, әкелердің көп бөлігі балаларымен бірге тұрмайды. Психология
саласындағы зерттеулер балғындардың психикалық дамуында әке рөлінің
маңызын ерекше көрсетеді. Бұрын әкенің дәстүрлі рөлі барлық
мәдениеттерде авторитарлық негізге сүйенсе, қазір авторитетке, яғни
беделге келіп тіреледі. Бала алдында әкенің беделі неғұрлым жоғары болса,
баланың оқудағы жетістіктері, әлеуметтік тәртібі соғүрлым артып, оның
эмоционалды тұрғыдағы қиындықтары азаяды.
Халықаралық Әке күніне орайластырылып өткізілген «ЕРЛЕРДІҢ
ӘКЕЛІККЕ КӨЗҚАРАСЫ» атты онлайн кездесудің қатысушылары жоғарыда
айтылған
ойларымен және жеке тәжірибелерімен
бөлісті.
ZOOM
платформасындағы онлайн әңгіме 2020 жылдың 21 маусымында өтті. Оны
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің
бастамасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ
мемлекеттік гранты аясында Қазақстанда «Әкелік институтты қолдау және
дамыту жөніндегі шаралар кешенін» өткізуді қолға алған «EN BAQYTTY EL»
қоғамдық қоры өткізді.
Әкелік институтты дамыту идеясын жүзеге асыру мақсатында
республика аймақтарында «Ерлердің отбасы мен қоғамдағы рөлі», «Ата-
ананың эмоционалды интеллекті», «Бақытты бала тәрбиелеудің сыры»
сияқты тақырыптарда лекциялар мен треннингтер өткізілмек. Әке образын
күшейту үшін түрлі челендждер, байқаулар, дөңгелек үстел басындағы
кездесулер ұйымдастырылып, күзде әкелердің республикалық форумы
өтеді. Сондай-ақ әкелерге арналған әдістемелік құралды шығару да бар.
Жоба үйлестірушісі – «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қоры
Сұрақтарыңыз бойынша төмендегі телефондарға хабарласыңыз:
+77019246798 – Жаннат
Әлеуметтік желілердегі орнымыз: Instagram: en_baqytty_el
facebook- EN BAQYTTY El