Әкемді ойла

Әкемді ойлап кетсем мен ойға қалып,
Қуанышты ақ жүзім айдан анық.
Сан ойлар жүгіріп жарысады,
Қамсыз балалық шақ қайталанып.

Бас ием асқар таудай әкеме мен,
Расында ыстық екен әке деген.
Әлдилеп бесігімді тербеп еді,
Аман жүр тек ботам деп мәпелеген.

Күтіп баптап, өсірді аялады,
Күш жігерін тәрбиеден аямады.
Қабағымнан түсініп қолдау берген,
Мен бұртыйсам көңілін аялдады.

Әкем келсе, бос көңілді жинап алам,
Әке деген еш кіршіксіз сүйген адам.
Тәңірден сұрайтыным тағдырыма,
Әкемдей азаматты сыйла маған…